Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты ағайын! Қадірлі сырдариялықтар!
Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 28 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Аз уақыттың ішінде Тәуелсіз еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жарқын жолдарынан өтіп, халқымыздың тұрмыс деңгейі артты. Ұлттық рух келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.
Қадірлі жерлестер!
Ауданның әрбір азаматы – бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етуде.
Өйткені, күш-қайратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қасиетті Сыр елі әрқашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрінері сөзсіз.
Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз Қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәттілік тілеймін!
Сіздерді және барша аудан жұртшылығын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!

Құрметпен Руслан РҮСТЕМОВ,
Сырдария ауданының әкімі

16 желтоқсан 2019 ж. 662 0