Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты ағайын!

Құрметті сырдариялықтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл елімізде мерекелер күнтізбесіне өзгеріс енгізілгені баршаға аян. Осы рет­те, халқымыз ұлттық мерекені 25 қазан – Республика күні ретінде тойласа, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде бұл күнді «Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батыр­ларымызға тағзым күні ретінде атап өтуді» тапсырды.

Тәуелсіздік күні – еліміз үшін ең басты әрі ең ұлық мереке. Біздің бүгінгі же­ңістеріміз бен жетістіктеріміздің барлығы – арайлы Азаттығымыздың арқасы.

Әр ұлт, әр халық үшін Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 31 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы – бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес, демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. 

Тәуелсіздік – біз үшін басымызға қонған бақыт және ата-бабамыздың сан ға­сыр күткен асыл арманы. Осы бақытымызды баянды ету үшін Тәуелсіздігімізді кө­зіміздің қарашығындай сақтап, елдік мүдде жолында еселі еңбек ету әр қа­зақстандықтың абыройлы міндеті болуы тиіс.

Қадірлі жерлестер!

Ауданның әрбір азаматы – бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етуде. Өйткені, күш-қай­ратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қа­сиетті Сырдария ауданы әрқашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрініп келеді. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз қазақ елі­нің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәттілік тілеймін!

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақ­тарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!


Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
16 желтоқсан 2022 ж. 402 0