Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бу қазандықтары талапқа сай жұмыс жасауда

Бу қазандықтары талапқа сай жұмыс жасауда

Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов Шаған және Нағи Ілиясов елді мекендеріне арнайы іс-сапармен барды.

Бас дәрігер қос ауылдағы емдеу мекемелерінің жылу беру жүйесін тексерді. Бу қазандығының жай-күйін бақылаған Жалғасбек Тұрлыбекұлы отын қорының жеткілікті болуына назар аударды.

Сала мамандарымен жүздесіп, емдеу мекемесінің ауласын таза ұстап, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру керектігін жеткізді.

Сонымен жергілікті халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша мақсат-міндеттер жүктеді. Алдағы уақытта қытымыр қыстан қиналмай шығу үшін мамандардың жұмысына бақылау жасап, салғырттық жібермеу керектігін жеткізді.

Бұл ретте, бас дәрігер материалдық базаны күтіп ұстауға байланысты ақ халатты абзал жандарға нақты тапсырма берді.
05 желтоқсан 2024 ж. 303 0