Басқарма басшысы Сырдарияда
Мәселен, жақында Тереңөзек кентінде орналасқан бұрынғы емдеу мекемесінде облыстық деңгейде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың ерекше қолдауымен, денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен “Оңалту және паллиативтік көмек” ауруханасын ашу мақсатында жоспарлы жөндеу жұмысы барынша жүзеге асуда.
Жөндеу жұмысының жоғары деңгейде жүргізілу барысын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков арнайы іс-сапармен келіп көрді.
Зерделеу кезінде Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов емдеу мекемесіне жасалып жатқан жөндеу жұмысының кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын Олжас Ермекұлына жеткізді.
Өз кезегіне денсаулық сақтау саласындағы елеулі өзгерістер хақында тілге тиек еткен Олжас Ермекұлы бірқатар елді мекендегі емдеу мекемесіне барып, жергілікті халыққа сапалы қызмет көрсету керектігін айтты.
Бүгінгі сапардың қорытындысында тиісті сала басшыларына жөндеу жұмысын уақытылы аяқтау, медициналық қызметті оңтайлы ұйымдастыру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында облыстың бас дәрігері нақты тапсырма берді.