Маңызды мәселе қамтылған акция

Акцияға Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрдаулет Әділбекұлы, «Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалының Сырдария басқармасының басшысы Асылбек Палымбетов, аудандық полиция бөлімінің аға жедел өкілі полиция майоры Әлімжан Еспаев, аурухана бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, сала мамандары қатысты.
Өз кезегінде қонақтар алаяқтықтан сақтанудың жолдары, сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері бойынша қатысушыларға маңызды ақпарат берді. Аталған мәселелерге байланысты жиналған көпшілік сала мамандарымен ортақ пікір алмасты.