Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазыналы қарттар – қоғам ұйытқысы

Қазыналы қарттар – қоғам ұйытқысы

Әрқашанда қазақ халқы – қарт­тарын қадірлеп, құрмет көрсеткен ел. Дана қарт – қай қоғамның да байлығы екені сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы қарияларымыз ұлт ретінде сақталуымыз үшін барын салған» деп ардагерлердің қоғам­­дағы рөлін айшықтап берген болатын.

Бүгінде мемлекетімізде арда­гер­лер­ді қолдау мемлекеттік сая­сат­тың бір бөлігіне айналып отыр. Бұл мақсатты бастамалар, ауқым­ды жұмыстар ауданымызда да жүзеге асырылуда. Қазақта «Қар­тын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек. Бейнетінің зейнетін, еңбегінің жемісін кө­ріп, зейнеткерлік жасқа жеткен арда­герлердің бос уақытын тиім­ді ұйымдастыру барысында облыс­та, ауданда әртүрлі іс-шаралар, басқосулар өткізіліп тұрады. Облыс әкімінің бастамасымен қазы­налы қарттарымызға құрмет көр­­­сетілуде. Қартын сыйлаған ауда­ны­мызда да қарттарымыз қам­­қорлыққа алынған, кейінгі буын ауданға қатысты шаруаларды да ардагерлермен кеңесіп отырады. Ардагерлер қа­зір­гі таңда билік пен халықтың ара­сындағы алтын көпір­ге айналып отыр. Сондай-ақ өзекті мәсе­ле­лер­дің шешілуіне лайықты үлес қосып, елдің бірлігін сақтауда ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжі­ри­белерімен бөліседі. Бір­лескен жұмыстың арқасында ауданымыз дамып, күннен-күнге көркейіп келеді.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген аудан жастары кез келген мерекеде, іс-шарада ардагерлерге ерекше құрмет көр­сетіп, төрден орын береді. Бұл да болса зейнеткерлік жасқа жеткен қазыналы қарттарға деген құрметі, жастардың көрегенділігі.


«Өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та жоқ» демекші, өске­лең ұрпақ саналы болып жетілуі үшін біз өнегелі қалпымыздан тай­май, әркез ақылымызды айтып, тәлім-тәрбие беріп, жол көр­сете алуымыз керек.

Шахарбек НҰРСЕЙІТ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы
05 қараша 2024 ж. 147 0