Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қариясын қадірлеген ел ардақты

Қариясын қадірлеген ел ардақты

Қарты бардың – қазынасы бар. 1 қазан – дүниежүзілік қарттар күні мерекесі. Атаулы мереке 1990 жылдың 14-ші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Бұл мереке 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.

– Бүгінде ауданымызда 4291 ардагер есепте тұрады. Олар 74 бастауыш ардагерлер ұйымына біріктірілген. Олардың 15-і кент және ауылдық округ ардагерлері, 18-і оқу орындарындағы ұйымдар және 8-і денсаулық сақтау саласында, 33-і шаруашылықтар мен мекемелердің бас­тауыш ардагерлер ұйымдары. Ауданымызда Ұлы Отан соғысының 1 ардагері, 156 тыл ардагері бар. Сондай-ақ ардагерлеріміздің 33-і ауданның «Құрметті азаматы» атағын иеленген. Зейнеткерлік жасқа жетіп, еңбегінің жемісін көріп жүрген ардагерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі көлемдегі іс-шаралар, басқосулар өткізіліп тұрады. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» демекші, қазыналы қарттарымыз қашан да кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп, ақ батасын арнайды, – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев.

«Кісілік кілті – кішіпейілділікте» деп білетін дана қарт – қай қоғамның да байлығы. Атаулы күн жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрметтің белгісі.

Қазақ қоғамында қай кезеңде болсын, жас­тар үлкенге қарап бой түзеп, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесін санасына сіңіріп өскен. Ықылым заманнан бері халқымыз көпшілік ортада яки отбасында әрбір бастамасын шаңырақтың шаттығына ие қазыналы қартының батасымен бастаған. «Өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та жоқ» демекші, өскелең ұрпақ саналы болуы үшін үлкендеріміз өнегелі қалпынан таймауы керек. Бала тәрбиесінде ата мен әже мектебінің, тәрбиесінің рөлі жоғары. Қазыналы қарттарымыз – жастарға жол сілтеп, үлгі болар өткеннің сарқыттары. Олар барда дастарқанымыз жиыл­май, жанұяда мамыражай тіршілік орнамақ. Дана қарттың өнегелі әңгімесін таңды таңға ұрып тыңдауға болады. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ – қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көру бір ғанибет.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақтың көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты. Қартымыз қазыналы болып, жасымыз тәрбиелі, тәлімді болып, ұлттық құндылығымызды бір сәтке де мызғытпаса екен. «Жасы үлкенді құрметтесе – құт болар» деген. «Үлкенге – құрмет, кішігі – ізет» деген және бар. Жастарымыз қазыналы қарттардан өнеге алып, өзі де сол кезеңге абыроймен жетсе, үлкендеріміз кейінгіге тәрбие көзі екенін әркез есте сақтап, сыйлай отырып, сыйлы болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 қазан 2024 ж. 113 0