Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазыналы қарттар сексеннің сеңгірінде

Қазыналы қарттар сексеннің сеңгірінде

Дана халқымыз «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп бекер айтпаса керек-ті. Сондықтан да қарты бар елдің қазынасы бар. Алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолы кейінгі тол­қынның дара жолын қалыптастырады. Сол себепті қай істе де, қандай шаруа болмасын ең алдымен қариядан бата алып, ақыл сұрайтын елміз. Ал ақылы асқан қазыналы қариялар қашан да зор құрметке лайық.
«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай Тереңөзек кенті әкімдігінің қолдауымен кент мәдениет үйінде «Қазы­налы қартым бар» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы З.Жүсіпбайұлы және 80 жасқа толған қариялар мен ақ жаулық­ты әжелер қатысты.
Мерекелік іс-шарада Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисем­баев құттықтау сөз сөйледі.
– Халқымызда «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» деген даналық сөз бар. Қариясын қадірлеп, үлкенін үлгі тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз алдыңғы буын аға-апаларға зор құрмет көрсетіп, жасаған еңбектерін жастарға үлгі етеміз. Бұл біздің қоғам алдындағы азаматтық парызымыз. Бүгін ұзақ жылдар бойы сан салада қызмет етіп, саналы ғұмырын еселі еңбекпен өткізген ағалар мерейлі жасқа жетіп отыр. Олар өз өмірінге өзгелерге үлгі-өнегесін көрсете білді. Азаматтық ұстанымынан таймай, аудан дамуына зор еңбек етті. Сол үшін де мерейтой иелеріне құрмет мол, – деді кент әкімі.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев пен Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесі төра­ғасының міндетін атқарушы З.Жүсіпбайұлы сөз сөйлеп, өмірлері өнегеге толы ардақты қарияларды мерейтойларымен құттықтады. Ардақты ардагерлер небір қиын кезең­­дер­­ді бастан өткеріп, бүгінгі ұрпақтың бейқам өмір сүруіне елеу­лі еңбек еткендерін атап өтті. Олардың өмір жолы кейінгі толқынға өнеге екеніне тоқталып, арнайы құттықтауларды табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
Тереңөзек кенті бойынша сексеннің сеңгіріне шыққан еңбек ардагерлері Рүстем Садықұлы, Астрахан Қожахов, Құдабай Кенжебекұлы, Жаңыл Шырақбаева, Ақтұрған Нұртаева, Зәбира Беркінбаева, Күләш Асылбекова, Қым­бат Шамшиева, Дашу Ганаевна, Күләш Алдабергенова, Айткүл Досжанова, Рая Сүлейменова, Дина Қаражанова, Сара Қарасақбаева, Людмила Тимофеевна, Бибімария Маханбетәлиева, Қадиша Шайланова, Аққозы Бихожаева, Федор Верховодов және Алтайбек Сағындықовтар әр алуан салада еңбек етіп, ауданның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан. Олар өмір жолында небір ауыртпашылықтарды көрсе де ұрпақтары үшін барлығын еңсеріп, өркениетті қоғамның қалыптасуына атсалысты. Сондықтан да еңбек ардагерлерінің, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әзиз аналардың өмір жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге. «Үлкеннен үлгі алған кіші адаспас» дегендей, сегіз ондықта селт етпеген қарияларға жас ұрпақ әркез құрмет көрсетуі міндетті.
Мерекелік іс-шарада осындай игі іске мұрындық болып, құрмет көрсеткендерге қариялардың атынан еңбек арда­гері Астархан Қожақов ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Мерекелік іс-шарада Тереңөзек кенті мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тереңөзек кенті әкімдігі
02 қазан 2021 ж. 625 0