Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баспасөз мәжілісі өтті

Баспасөз мәжілісі өтті

Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов тоғыз айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Жиынға сала мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері мен аудандық сот ұжымы қатысты. Өз кезегінде сот төрағасы сала бойын­ша аудандағы орын алған жағдайлар мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

– Статистикалық мәліметтерге қара­ғанда есепті кезеңде 43 қыл­мыстық іс 49 адамға қатысты түскен, 2023 жылдан 1 іс қалдыққа қалған. 45 адамға қатысты 39 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 28 адамға қатысты 25 іс бойынша үкім шығарылған. 11 адамға қатысты 11 іс тоқтатылған, 4 іс соттылығы бойын­ша жолданып, 2 іс прокурорға қайтарылған. Өткен жылмен са­лыстырғанда түскен қылмыстық іс­тердің саны 5 іске, қаралған істердің саны 3 іске азайған. 2024 жылдың 9 айын­да сотқа 375 талап қою және 9 іс түскен. Барлығы 293 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 33 іс бойынша сот бұйрығы, 118 шешім қабылданып, 112 іс өндірістен тоқтатылған. 28 іс қараусыз қалдырылып, 2 іс соттылығы бойынша жолданған. Өткен жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 8-ге, қаралған істердің саны 42 іске көбейген, – деді аудандық сот төрағасы.

Сондай-ақ 2024 жылдың 9 айында соттың өндірісіне 297 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 5 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 289 адамға қатысты 289 іс қаралған. 217 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 72 адамға қатысты тоқтатылған. 15 жекеше қаулы қабылданған. Өткен жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 108-ге, қаралған істердің саны 112 іске көбейген.

Аудандық сот төрағасы әкім­шілік-құқықбұзушылық бойынша мас күйінде көлік жүргізу мен отбасы­лық зорлық-зомбылықтың жиі кезде­сетінін айтты. Аталған мәселеге орай заң талабы күшейтілгенімен, отбасына зәбір көрсететіндер мен мас күйінде көлік жүргізетіндер тыйылмай тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айын­да барлығы партисипативтік рәсім тәртібімен 1 бітімгершілікпен 1 іс, азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 108 азаматтық істер, 39 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Осы орайда келіп түскен талап-арызды келісіммен, медиация тәртібімен шешу бойынша аудан облыс көле­мінде көш бастап келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ал істер 100 пайыз аудио-бейне жазба арқылы қаралады. Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы және қылмыстық істердің 100 пайызы электронды нұс­қада түсіп қаралған.

Баспасөз мәжілісін қорытын­ды­лай келе, сот төрағасы Р.Алдамбергенов аудандық медиа са­ласы өкілдерімен тығыз жұмыс жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ қатысушылардың сұ­рақ­тарына жа­уап берді.

«Тт» ақпарат
02 қараша 2024 ж. 181 0