Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Арызданушылар саны азайған

Арызданушылар саны азайған

Аудандық сот төрағасы Р.Алдамберге­нов жергілікті БАҚ өкіліне онлайн режимде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда биылғы жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар жө­нінде мәлімдеді.
Жалпы, 2021 жыл­дың 1 тоқ­са­нын­да ауданда 27 қылмыстық іс 38 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 13 іс бойынша 22 адамға үкім шығарылған. 9 адамға қатысты 9 іс қысқартылса, 1 іс бо­йын­ша сотта­лушыға із­деу жарияланып, 3 іс­ сот­­ты­лығы бойынша жолданған. Есеп­ті кезең­­де 2 жекеше қаулы қа­был­­дан­ған.
Сондай-ақ алғашқы тоқсанда сот өндірісіне 115 талап арыз және 5 іс түскен. Есепті кезеңде барлығы 91 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 14 іс бойынша сот бұйрығы, 33 шешім қабылданып, 36 іс өндірістен тоқтатылған. Ал 6 іс қараусыз қал­дырылса, 2 іс соттылығы бойынша жолданып, 15 іс қалдыққа қалған. Негізіген, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түскен арыздар мен істердің саны 16-ға (11,8%), қаралған істердің саны 30 іске (24,8%) азайған.
Аудандық сот төрағасы бірінші тоқсандағы аудандық соттың өн­дірісіне түскен әкімшілік істерді де атап көрсетті. Қазіргі таңда 50 адамға қатысты 50 әкімшілік іс түскен. Олардың ішінде 38 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 12 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 1 жеке Қаулы қабылданған.
– Есепті мерзімде медиатор­лардың қатысуымен барлығы 10 (11%) азаматтық іс, 10 (20%) әкім­шілік іс және 9 (33,3%) қыл­мыстық іс аяқталды. Сонымен қатар «Билер кеңесінің» көмегімен 25 (27,5%) азаматтық іс тоқтатылды. Жыл ба­сы­нан бүгінге дейін әкімшілік іс­тер 100 пайыз, ал аяқталған 27 қылмыстық істің 20-ы (74,1% ) электронды нұсқада қаралды. Оған қоса, «Сот кабинеті» сервисі арқылы 106 (92,1%) талап арыз, 50 (100 %) әкімшілік іс түсті, – деді аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов.
Баспасөз мәжілісінде аудандық сот төрағасы БАҚ өкі­лінің сұрақ­тарына жауап берді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
24 сәуір 2021 ж. 398 0