Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясы өтті

Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Д.Е.Ералиев 2024 жылдың 6-айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілері мен аудандық сот ұжымы қатысты.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда есепті кезеңде 22 қылмыстық іс 26 адамаға қатысты түскен, 2023 жылдан 1 іс қалдыққа қалған. 23 адамға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 19 адамға қатысты 17 іс бойынша үкім шығарылған. 1 адамға қатысты 1 іс тоқтатылған, 1 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 іс прокурорға қайтарылған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен қылмыстық істердің саны -5 іске (-18%), қаралған істердің саны- 8 іске (-28%) азайған.

2024 жылдың 6-айында сотқа 247 талап қою және 9 іс түскен. Барлығы 181 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 21 іс бойынша сот бұйрығы, 65 шешім қабылданып, 79 іс өндірістен тоқтатылған. 15 іс қараусыз қалдырылып, 1 іс соттылығы бойынша жолданған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 42-ге (20%), қаралған істердің саны 40 іске (28%) көбейген.

2024 жылдың 6-айында соттың өндірісіне 184 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 5 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 185 адамға қатысты 185 іс қаралған. 141 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 44 адамға қатысты тоқтатылған. 12 жекеше қаулы қабылданған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 83-ке (82%), қаралған істердің саны 85 іске (85%) көбейген.

2024 жылдың 6-айында барлығы партисипативтік рәсім тәртібімен 1 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 75 азаматтық істер, 26 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, 1 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.

Істер 100% аудио-бейне жазба арқылы қаралған.

Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 %-ы электронды нұсқада түсіп қаралған.

Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы міндетін атқарушы Д.Е.Ералиев қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:ашық дереккөзден
30 шілде 2024 ж. 291 0