Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіби мамандар – марапат төрінде

Кәсіби мамандар – марапат төрінде

«Алтын күз» мерекесі аясында қазан айының үшінші жексенбісімен тұспа-тұс келген орманшылар мен құтқарушылардың кәсіби мейрамы атап өтілді. Атаулы күн қарсаңында аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, Қызылорда облысы­ның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мәріп Акбар, аудан ардагерлері мен құқық қорғау, орман шаруашылығы және құтқару саласы мамандары қатысты.

Жиынды ашып берген аудан әкімі сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, жетістіктерге де тоқталды.

– Құрметті орманшылар және құтқару саласының қызметкерлері! Сіздерді «Алтын күз» мерекесі қарсаңындағы орман шаруашылығы қызметкерлері және құтқарушылар күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы мереке орман шаруашылығы саласының құрылғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау, экожүйені жақсарту, орман-тоғайды көбейту – қоғамды жұмылдыратын жақсы іс. Мемлекет басшысының эколо­гиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бағытында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн гектар жерге сексеуіл егу тапсырмасы аясында соңғы 4 жылда аймақта барлығы 600 мың гектардан астам жерге орман отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Ал азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін еліміздің әрбір азаматын құтқару, олардың өмірін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу – ең басты міндеттеріне жатады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген ауданның төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына батылдық танытуда. Аудандағы төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек етіп жүрген әр қызметкердің жұмысы ерлікпен пара-пар. Алдағы уақытта да адалдық пен батылдық таныта отырып, қызметтік борыштарыңызды абыроймен атқаратындарыңызға се­нім­ді­мін. Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деген аудан әкімі сала мамандарына арнайы марапат табыстады.

Аталған салада елеулі еңбек етіп, қызметін халыққа ар­нап жүрген азаматтар төсбелгілермен, облыс, аудан әкім­дерінің, тиісті департамент және басқарма «Алғыс хатымен» марапатталды. Орман саласы қызметкерлеріне қызмет­тік мотоциклдердің кілті табыс етілді. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының әншашуымен жалғасын тапты.

Айта кетейік, аймақ басшысының қолдауымен өңір­дің орман алқаптарын ұлғайту, саладағы ғылыми жұмыс­тарды жан­дандыру және жаңа технологияларды енгізумен бірге орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жаңа серпін берілуде. Аймақтың экология­лық ахуалын жақсартуға «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің қызметкерлері өлшеусіз үлес қосуда.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің Жар­лы­ғы­мен 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республика­сы­ның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде құрылды. Азаматтар мен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттік маңызы бар іс болып саналады.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
19 қазан 2024 ж. 148 0