Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұстазым – ұлағатым

Ұстазым – ұлағатым

Берекелі күз мезгілі атаулы мейрамдарға толы. Солардың ішінде мерейлі мерекелердің бірі – ұстаздар күні. Қазан айының алғашқы жексенбісімен тұспа-тұс келетін ұлағатты ұстаздар күні аудан көлемінде де кеңінен тойланды.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұстаздар күні мере­кесінде білім саласының ардагерлері мен қыз­меткерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Қабылдау аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өтіп, оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мығымбаева, білім қызметкерлері кә­сіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар, білім саласының ардагерлері, ұстаздар қатысты.

Аудан басшысы мерекелік қабылдауда ұстаздық үлкен қасиет екенін атап өтті.

– Кемел келешек пен бақытты болашақтың кілті қашан да мұғалімнің қолында. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Сондықтан Ұстаздар күні – қоғамдағы орны бөлек мерекелердің бірі. Елімізде ұстаз­дардың кәсіби шеберліктерін нығайтуға, білім­дерін арттыруға тұрақты жағдай жасалған. Бюджеттің де ең негізгі бөлігі білім саласына бөлініп келеді. Әрине, осындай қолдау мен аудан ұстаздары мен ардагерлерінің арқасында білім беруде қол жеткен табыстарымыз да аз емес. Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деуі бекерден-бекер емес. Бұл – ұстаздардың қоғамдағы орнын айшықтайтын баға, ұстазға деген халқымыздың құрметі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Қабылдау барысында ардагер ұстаздар мен мұғалімдер аудан әкімінің Құттықтау хаты және облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» марапатталды. Мерекелік іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, ардагер ұстаздар Ұ.Жанәлиева, Г.Әбілова, Б.Сүюбаева мерекелік лебіздерін жеткізді.

Ұстаздар құрмет төрінен көрініп, мерейі артқан атаулы күнге арналған іс-шара аудан­дық мәдениет үйінде жалғасты. Аудан ұстаздары бас қосқан мерекелік жиынды аудан әкімі ашып беріп, ұстаздарға арналған ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ білім саласындағы жетістіктерге де тоқталып өтті.

Мерекеде ұстаздар Оқу ағарту министр­лігінің «Еңбек ардагері» медалі және «Құрмет грамотасы», Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңір­ген еңбегі үшін» төс­белгісімен, Қызылорда облысы әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хатымен және облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мерекелік салтанатта ұла­ғатты ұстаздардың құрметі­не аудан әкімінің ықылас гүлі қойылды. Аудан өнерпаздары мен облыстық филармония әншілері әннен шашу шашып, мерекені думанға айналдырды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
08 қазан 2024 ж. 133 0