Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аманкелдіде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Аманкелдіде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Биылғы жылы Аманкелді елді мекеннің диқаншылары ауыл айналасындағы тың жерлерге егін егіп, қазіргі уақытта жақсы өнім ала алуда. 

Осы орайда ауылдық округ әкімдігінің және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді. Биылғы жылы егін еккен диқаншыларымыз ауыл орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өз өнімдерін қол жетімді бағада ұсынды.

Жәрмеңкеде Сырдария ауданының құрметті азаматы Мырзағали Кенбаев және ауыл әкімі Зейнұр Жаманкулов сөз сөйлеп диқаншылардың еңбегі орасан екенін атап өтті.

Ауыл тұрғындары жәрмеңкеге қатысушы диқандар мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай жәрмеңке жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын білдірді.

Шара барысында ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Жәрмеңкенің өтуіне атсалысқан диқаншыларымызға ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз.


14 қазан 2024 ж. 412 0