Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Аманкелді ауылынында жәрмеңке ұйымдастырылды

Аманкелді ауылынында жәрмеңке ұйымдастырылды

Аманкелді ауылы тұрғындарына ауыл шаруашылығын дамыту, егін егуге бет бұру мақсатында Сырдария ауданы әкімі қолдауымен 4 дана су насостары алынған болатын. Ағымдағы жылы елді мекеннің диқаншылары ауыл айналасындағы тың жерлерге егін егіп, қазіргі уақытта жақсы өнім ала білді.

Осы егін еккен диқаншыларымыз кеше ауыл орталығында ұйымдасырылған жәрмеңкеге өз өнімдерін қол жетімді бағада ұсынып, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысты.

Ауыл тұрғындары, сырттан келген қонақтар жәрмеңкеге қатысушы диқандар мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай жәрмеңке жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын білдірді.

Жәрмеңкенің өтуіне атсалысқан диқаншыларымызға ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз.


Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
24 қыркүйек 2023 ж. 174 0