Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаһар тұрғындары Сырдарияның өнімдерін алды

Шаһар тұрғындары Сырдарияның өнімдерін алды

Облыс орталығындағы «Жанқожа батыр» көшесі, «Реалбаза» аймағында Сырдария ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілген болатын.

Жәрмеңкеге Сырдария ауданының тауар өндірушілері, кәсіпкерлері, «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қоры мен серіктестіктерінен барлығы 87 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді.   

Атап айтқанда, жәрмеңкеге картоп – 20 тонна, ақ күріш – 10 тонна, сәбіз – 10 тонна, жуа – 12 тонна, қырыққабат – 8 тонна, сиыр еті – 1 тонна, балық – 0,5 тонна, тағы басқа да өнімдер базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада қала тұрғындарына ұсынылды.

Жәрмеңкеге жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Бірі көкөніс сатып алуға бет алса, енді бірі ет-сүт өнімдерін сатушылардың қасынан табылды.

Біз жәр­меңкені асыға күтеміз. Өйт­­кені, қыстық азықты осындай жәрмеңке кезін­де қамдап алатынымыз жасырын емес. Көпшілік өзіне керегін сатып алып жатыр. Осындай жәрмеңкелер көп ұйымдастырласа жақсы болар еді, – деді қала тұрғындары.


Берекелі шара шеңберінде сырдариялықтар халыққа сапасы жоғары, табиғи таза өнімдерін ұсынды. Тұтынушылар ауылшаруашылық өнімдерін ептеп емес, көптеп алды. Қыстың қамын ойлаған жұртшылық жәрмеңкеге дән риза.
28 қараша 2022 ж. 345 0