Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мерейлі мереке аясындағы берекелі жәрмеңке

Мерейлі мереке аясындағы берекелі жәрмеңке

Облыстың 85 жылдығы аясында Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр көшесінде ("Реалбаза" алды) Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Күз несібесі саналатын жәрмеңкеге ауданға қарасты барлық ауылдан азық-түлік, бақшалық дақылдар жеткізіліп, қызылордалықтарға арзан бағада ұсынылды.

Мерейлі мерекеде өткізілген жәрмеңкені аймақ басшысы аралап, халық пікірін білді. Арзан өнімге қол жеткізген тұрғындар өз ризашылықтарын жеткізді.

Жәрмеңкеге ауданнан 60 көлікпен 33 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. 230 тонна өнім базар бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауданның көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
22 қазан 2023 ж. 355 0