Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазыналы қарттар – құрмет төрінде

Қазыналы қарттар – құрмет төрінде

Амангелді ауылдық мәдениет үйінде қарттар мерекесіне орай «Қарттарым – қазыналарым» атты мерекелік концерт өтіп, қарияларға құрмет көрсетілді. Мерекелік салтанатқа Амангелді ауылдық округінің әкімі Зейнұр Жаманқұлов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Құдайбергенов, қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналар қатысты.


Ауыл әкімі қазы­налы қа­рия­ларды мерекемен құттықтап, аға буын өкілдерінің ел дамуы жолындағы қажырлы еңбегі үлгі екенін ерекше атап өтті.

– «Қарттарым – қазы­­наларым» дейтін халық­пыз. Ақылы дария қарттарымыздың халықаралық мерекесі біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Бұл күні алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Біз әрқа­шан қариясын қадірлеп, арда­герін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұта­мыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қазақ даналығы осынау мерекенің мәнін ұғындырып тұрғандай. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің әр­біріңіз­дің өмір жолдарыңыз өнеге, еткен еңбектеріңіз үлгі. Қымбатты қазыналы қарттар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! – деді ауыл әкімі Зейнұр Жаманқұлов.


Айтулы мерекеге орай ауыл әкімі 80 жас мерейтой иелерін алғыс хатпен құттықтады. Қазы­налы қариялар Серікбай Тұяқбаев, Рыскүл Әмірсейтова, Тынымкүл Садуақасова, Серікбай Абсатов, Сералы Опалқожаев марапат­талды. Одан бөлек аудан әкімінің Еңбек күніне орай құттық­тауымен Құрманбек Молдияров марапатталды.


Мерекелік іс-шара барысын­да отау құр­ғандарына 50 жыл толған алтын той және де 40 жыл бір шаңырақ астында отау құрған лағыл той иелерінің неке қию, нақтырақ айт­қанда неке жаңғырту рәсімі өткізілді. Кеш қонақтары алтын той, лағыл той иелерінің бір-біріне бер­ген мәңгілік сертінің куәсі болды.


Өз кезегінде Сыр сүлейлерінің із­ін жалғаушы жыршы-термеші, облыстық, рес­публикалық жыр бай­­­қауларының жеңімпазы, ауыл көркем­өнерпаз­дары кон­церт­­тік бағ­дар­ла­ма ұсынып, мере­келік көңіл-күй сыйлады.

Алтынай Қайратқызы
05 қазан 2024 ж. 216 0