Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды
Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
t.me/aqorda_resmi










