Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Ардақты ардагерлер!
Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да игі шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданымызда да атқарылуда. Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өмірі өнегелі қарияларға көптеген құрмет көрсетілуде. Тағылымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Бүгінде ауданда 3 Ұлы Отан соғысының ардагері, 257 тыл ардагері және 4023 зейнет жасындағы қариялар бар. Олардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі, тиісті қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болуы мемлекет назарында. Аудан ардагерлерінің еліміздің бас қаласы – Астанаға, киелі мекен Түркістанға саяхаттауы да дәстүрге айналды. Бұл біздің қазыналы қарияларға құрметіміздің бір парасы.
Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті, ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Құрметпен,
Ғ.Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі
01 қазан 2018 ж. 2 352 0