Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық палатада өндірістік жарақаттанудың басты себептері айтылды

Ұлттық палатада өндірістік жарақаттанудың басты себептері айтылды


«Атамекенде» еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды
Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскеновтің жетекшілігімен өтті. Талқылауға әлеуметтік серіктестіктің барлық мүдделі тараптары қатысты.
Комитет төрағасы бизнестің қауіпсіздік саласында қолданатын шараларына қарамастан өндірісте жарақат алу көрсеткіші жоғары екенін атап өтті. Қауіптілігі ең жоғары салаларға әлі де тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласы жатқызылады.
«Өңірлерге шаққанда өндірістік жарақат алу көрсеткіші Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жоғары, мұнда республиканың басты өндіріс орындары орналасқан», - деп хабарлады Талғат Доскенов.
Нақты сандардан мәлімет берер болсақ, қауіпті өндірістік нысандардың апатсыз жұмысының негізгі көрсеткішіне жүргізілген талдауға сәйкес, өнеркәсіп қауіпсіздігінде оң серпін бар. 2016 жылы жылы апат саны 2008 жылмен салыстырғанда 60%-ға азайған (58 апаттан 23 апатқа дейін төмендеген), апаттан зардап шеккендер саны шамамен 4 есе кеміген (102-ден 28 адам). Биылғы жылдың 11 айында республикада қауіпті өндірістік нысандарда 11 апат орын алған, ал 2016 жылы осы кезеңде – 14 апат (21% азайған), жарақат алған – 12 адам, 4 адам қайтыс болған.
Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ахуалына мерзімі өткен жабдық пен ғимараттың тозуы, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы әсер етеді.
«Бүгін қаупі жоғары нысандар ғана жоспарлы түрде тексеріледі, ал басқа нысандарға жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де түрлері жүргізіледі. Өрескел заң бұзушылықтар болмаған жағдайда адал кәсіпкерлерді тексеруден босату, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандар тізімін алу түрінде ынталандыру қарастырылған», - деп атап өтті ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов.
Жиын барысында кәсіпорын иелері мемлекет алдында өздеріне жүктелетін жауапкершіліктің деңгейін және апатсыз жұмыстың экономикалық тиімділігін түсінетіндігіне назар аударды. Сәйкесінше, қауіпсіздік талаптарын сақтауға деген қатынас өзгерді, соңында нысандардағы апаттың жағдайын азайтуға сеп болады.
Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптарды азайту мақсатында өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы тексеру қағаздары «Атамекен» ҚР ҰКП сараптау тобымен бірге қаралып, келісілді. Тексерудің 10 мыңнан астам сауалынан 3 мыңын, яғни 30% қысқарту жоспарланған. Аталған міндеттерді жүзеге асыру отандастардың өмірі мен денсаулығын сақтап, қауіпті өндіріс нысандарындағы апаттық жағдайды азайтуға мүмкіндік береді.
«Талқылауға ұсынылатын тағы бір маңызды мәселе бар. Бұл жұмысшылардың кәсіби дертінің жайы. Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіби дертке шалдыққан 600-ден астам жағдай тіркелген. Тек 2016 жылдың өзінде 780 жұмысшы алғаш рет мүгедек деп танылған, оның ішінде 319 адам (40,9%) кәсіби дертке шалдыққан, 461 адам еңбек жарақатын алған (59,1%)», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Бақылау талаптары және еңбекті қорғау басқармасының басшысы Сәрсен Дүйсенов.
Талқылау барысында корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ұлттық тұжырымдамасына сәйкес кәсіпкерлер қауіпсіз еңбек жағдайын жасау туралы міндеттеме алғанына ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік қауіпті жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігіне аса ден қойды. Сонымен қатар еңбекті қорғау мәселесіне жауапты мемлекеттік инспекторлар секілді тұлғалардың біліктілігін арттыру қажет.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 080 0