Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудандық сот ұжымы кәсіби мерекемен құттықтады

Аудандық сот ұжымы кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесімен аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымын аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов пен аудандық соттың судьясы Асылхан Мизанбаев құттықтады.

Редакция ұжымымен кездескен аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Роза Сүлейменова мен бас маманы Меңдігүл Асан  аудандық газеттің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы мен бас редактордың орынбасары Ердос Беркінбаевқа «Алғыс хат» табыстады. Сонымен бірге  Орхан Памуктың «Үнсіз үй» және Абай Құнанбайұлының екі тілге аударылған қара сөздерін сыйлық ретінде берді.

Кездесу барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Роза Сүлейменова сөз алып, ұжым қызметкерлерінің жұмыстарына толағай табыс тіледі. Жыл көлемінде сот ұжымы басылыммен тығыз байланыста келе жатқандығын тілге тиек етті. Өз кезегінде Ақтөре Ибрагимұлы ұжым атынан Руслан Алдамбергенов басқаратын аудандық сот қызметкерлеріне  алғысын айтты.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 маусым 2020 ж. 1 021 0