Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА


«Тазалық табалдырықтан» – демекші екі айға созылған тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары кент орталығында әлі де жалғасын тауып келеді. Көшеге сән де, әр де беретін гүл, ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынған. Себіліктердің аясында ардагерлер, мектеп бітірушілер аллеясы ашылып, жұртшылық демалатын орындар қоқыстан тазартылды. Қоршаулар сырланды, мекемелердің қас беттері ақталды. Мұның бәрі тұрғындардың, мекеме қызметкерлерінің тазалық жұмысына бей-жай қарамайтынын, туған өлкенің гүлденуіне атсалысуға әзір екенін дәлелдеді. Үстіміздегі жылы ауданның 90 жылдығы, Астананың 20 жылдығы аталып өтілетін жыл. Сондықтан туған өлкеміздің ажарына ажар қосып, таза, көк жамылған көшелері самаладай жарқырап тұрғаны әр сырдариялықтың мерейі. Өткен сенбіде ұйымдастырылған сенбілікте де тиісті мекемелер мен жауапты мамандар белгіленген аумақты тазалап, күл-қоқыстан арылтты.

«Тт» ақпарат
23 мамыр 2018 ж. 2 774 0