Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨМІРДІҢ НӘРІ – СУ, КӨРКІ – АҒАШ

ӨМІРДІҢ НӘРІ – СУ, КӨРКІ – АҒАШ

Негізі, ағаш ауаны сүзгіден өткізеді. Яғни, түрлі газдарды өз бойына тартып, орнына оттегі бөліп шығарады. Бұдан бөлек, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді. Айта берсе, ағаштың пайдасы көп. Міне, осыны ұғынған халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаса керек-ті.
Еліміз бойынша ұйымдастырылған акция аясында аудан орталығында бірнеше жерге көшеттер отырғызылды. Атап айтқанда, аудандық мешіттің алдына, Ғани Мұратбаев көшесіндегі Сырдария агро-техникалық колледждің алдындағы саябаққа, облыстық маңыздағы «Қызылорда-Жалағаш» автожолынан Иса Тоқтыбаев көшесі арқылы кіретін жолдың бойына сыр тал, қара ағаш, үйеңкі көшеттері отырғызылып, сауапты іс жасалды. Жер тоңы қатпай тұрғанда өткізілген акцияда аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі мешіттің алдында ағаш екті. Ал саябақта амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана, агро-техникалық колледж қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізіп, абыройлы іске атсалысты. Атап өтерлігі, бұл шараға 50-ден аса медицина қызметкерлері белсене қатысты. Ал И.Тоқтыбаев көшесінде аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жер қатынастары, аудандық ветеринария бөлімдері, кент әкімдігі мен «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекеме қызметкерлері республикалық акцияға үн қосты. Осы күні басқа да мекемелер өздеріне тиісті көше бойларында сенбіліктерге шығып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Осылайша, акция аясында аудан орталығында және барлық ауылдарда ағаш отырғызылып, көше бойы тазаланды. Бұл шараға туған жердің гүлденуіне барша жұрт бірауыздан атсалысты.

Е.БЕРКІНБАЕВ
20 қараша 2017 ж. 7 125 1

Гость JeaOrer от 19 ақпан 2019 20:47
Dove Comprare Cialis O Viagra Canadian Pharmaci Pastilla Cialis Precio cialis 20mg for sale Cheap Kamagra Oral Jelly Propecia Muskeln