СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Сырдария ауданының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлының №102-ө өкімі негізінде аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы басталды. Өкімге сәйкес, тазалық айлығы үстіміздегі жылдың 10 наурыз және 12 мамыр күндері аралығында өткізіледі. Тазалық айлығы барысында аудан орталығы мен барлық елді мекендерде күл-қоқыстарды жинау, тазалау, саябақтағы талдарды әктеу, көшеттер отырғызу, гүл егу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, аяқ су ағатын арықтар мен каналдар тазаланады. Әрбір мекеме көктемгі тазалық айлығына жылдағы дәстүрге сәйкес белсене атсалысады деп күтілуде. Алдағы уақытта ауданда ұйымдастырылған сенбіліктер аудандық "Тіршілік тынысы" газеті, басылымның сайты және "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі аудан әкімдігінің ресми парақшасы арқылы тұрақты түрде ақпараттандырылатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2