Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ


Сырдария ауданы әкімінің «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» №102-ө өкімі негізінде аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы басталды. Тазалық айлығы үстіміздегі жылдың 10 наурыз және 12 мамыр күндері аралығында өткізіледі және өкімге сәйкес санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары өз деңгейінде атқару үшін ауылдық округтер мен кентте орналасқан барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға сенбілік ұйымдастырылатын көшелер мен саябақтар белгіленіп, жұмыстардың көлемі, оларды атқару мерзімдері бекітілген.
Есепті кезеңге аудан орталығында 2 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 50 мекемеден барлығы 500-ден астам адам және 4 техника жұмылдырылды. Осы ретте, тазалық сақтамаған және қоғамдық орындарды ластаған аудан тұрғындарына заң негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. 
«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабына сәйкес елдi мекендердiң аумақтарында ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаса, біріншіден бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеліп соғады. Ал, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады. Сондықтан да Сіздерге қоғам тазалығын сақтау – ортақ міндет екенін назарларыңызға саламыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
04 сәуір 2018 ж. 1 928 0