Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде комиссиясы отырысы өтті. Оған тиісті мекемелер және азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары қатысты.


Комиссияның күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және жылу беру маусымы кезіндегі жеке секторлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы мәселелер бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Шарафадинов хабарлама жасады. Бөлім бастығы жыл көлемінде орын алған төтенше жағдайлар бойынша тиісті жұмыстар атқарылғанын және өртті болдырмауға күштік құрылымдар бірлесе жұмыстар жүргізілгенін атады.

Ал үшінші мәселе – көктемгі мезгілде Сырдария өзеніндегі суды қауіпсіз өткізу жөнінде «Сырдариясушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Мирлан Айтмұханов баяндады.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берді.
29 ақпан 2024 ж. 329 0