Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кеше аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес, негізгі екі мәселе және қосымша бір мәселе қаралды. Атап айтқанда:

Жазғы кезеңде аудан аумағында орналасқан суға түсуге тыйым салынған су айдындарында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және Тереңөзек кентіндегі «Қалғандария» көлінің жағасынан коммуналдық жағажай ашу жұмыстарының барысы туралы Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы 
Нұрбол Бақтияр және Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бахтияров. Мемлекеттік орман қоры алқаптарында өрттің алдын алу және профилактикалық жұмыстар мен көктемгі күзгі мезгілдегі өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары туралы Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Кемелбаев. Қосымша мәселе: Ағымдағы жылғы «Сырдария» өзенінен мол су өту кезеңінен кейінгі күшейту және нығайту жұмыстарын қажет ететін қорғаныс бөгеттері туралы-аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Қайрат Қуандықов өз баяндамаларын жасады.

Күн тәртібіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
21 сәуір 2023 ж. 289 0