Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы: Төтенше жағдайдың алдын алу пысықталды

Комиссия отырысы: Төтенше жағдайдың алдын алу пысықталды

Аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебайдың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына мекеме, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында «Радиацияға қарсы паналау (подвал) орындарын қажетті заттармен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету туралы» және «2021-2022 жылдар аралығындағы жылу беру кезеңінде өмір сүру нысандары, денсаулық сақтау және білім саласына қарасты ғимараттарының жылумен қамтамасыз ету көздері қорларының жағдайы туралы» мәселелер қаралды. Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Омаров хабарлама жасады. Сонан соң екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров хабарлама жасады.

Негізгі мәселелер қаралғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен азаматтық қорғау қызметтеріне авариялық-құтқару қызметтері мен күш-құралдарының үнемі әзірлікте ұстау және алдағы қыс мезгіліне дайын болу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
16 қыркүйек 2021 ж. 525 0