Комиссия отырысы өтті

Комиссияның күн тәртібіне сәйкес 4 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
1. "Аудан көлемінде орналасқан өртке қарсы су көздерінің жағдайы туралы" - хабарламашы Сырдария ауданының №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы К. Ақашов;
2. "Қыс мезгіліндегі ауа-райына байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары туралы" - хабарламашы аудандық ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басышсы Н. Бисембаев;
3. "Жаңадан салынып жатқан және күрделі жөндеуден өткен ғимараттар мен құрылыстардың метеорологиялық құбылыс салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу (шатыр ұшу) шаралары туралы" - хабарламашы аудандық құрылыс және қалақұрылысы бөлімінің басшысы А.Берікұлы;
4. "Әлеуметтік нысандардағы және тұрғын секторларындағы газ және газ жабдықтарының жай-күйі туралы" - хабарламашы аудандық газ тарату жүйесінің бастығы Е. Есенгелдіұлы.
Хабарламашылардың баяндамасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша қойылған тапсырмалардың уақытылы орындалуын тапсырды.