Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» тақырыбына аудандық семинар өтті

«Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» тақырыбына аудандық семинар өтті

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес 2024 жылдың 16 ақпан күні №42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінде «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» тақырыбына аудандық семинар өтті.


Семинарға аудан мектептерінің математика пәні мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің әдіскері Жантөре Әзімханов қатысты.

Қонақтарды мектептің «Жас ұлан» ұйымы қарсы алды. Жоспарға сәйкес ардагер ұстаз Ержігіт Сейдахметовтың атындағы олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Математика пәні бойынша олимпиадаға әр мектептен 9 сынып оқушылары қатысып бақтарын сынады.


Шараны мектептің педогог-психологы Ұ. Тайшықова «Танысу» тренингімен бастады. Семинар ашық сабақтармен жалғасты. Г. Ержанова 11 сынып оқушыларымен «Оқушылардың дарындылығын математикалық сауаттылық арқылы арттыру» тақырыбында, Н. Жүсіпов 10 сынып оқушыларымен «Дарынды оқушыларды математика пәніне бейімдеудің тиімді әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Олимпиадаға қатысқан оқушылармен «Брайн-ринг» сайысын Т. Піржан мен Н. Жүсіпов ұйымдастырды. «Оқушылардың дарындылығын ашу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Г. Мұқанова, математика пәнінің бірлестік жетекшісі Ж. Сақтапова және Қызылорда қаласында орналасқан Қорқыт Ата атындағы университеттің Ғалым-оқытушысы Л. Қайыңбаева өз тәжірибелерімен бөлісті. М. Ережепова мен Ж. Сақтапова «Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау» тақырыбында семинарға қатысушылармен коучинг өткізді.

Семинар мектеп акт залында қорытындыланып, қатысушылар кері байланыс берді. Олимпиадаға қатысқан оқушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен «Алғыс хатпен» марапатталды. Жүлделі 3 орынға Ержігіт Сейдахметовтың балалары ақшалай сыйлық берді.


І орын - №130 мектептің 9 сынып оқушысы Нұрхан Сая (30 000 тг)
ІІ орын - №35 мектептің 9 сынып оқушысы Шерімқожа Ақерке (20 000 тг)
ІІІ орын - №42 мектептің 9 сынып Темірбай Нұрай (10 000тг)
18 ақпан 2024 ж. 131 0