Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық семинар өтті

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық семинар өтті

Қазіргі таңда мектептерде жүргізіліп жатқан жобалардың білім алушылардың білім көкжиегін кеңейтуде маңызы өте зор. "Мектеп парламенті", "Оқуға құштар мектеп", "Ұшқыр ой "алаңы, "Мектеп театры" жобалары іске асырылуда. Сол жобалардың бірі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында аудандық білім бөлімі әдіскері Ж.Орумбаеваның ұйымдастыруымен N42.Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп - лицейінде жақында "Кітап оқитын адам - табысты адам " тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарды мектеп- лицейдіің өзін - өзі басқару ұйымы президенті Балғабай Лаура семинар қатысушыларына сәттілік тілеп бастады. Кітапхана қызметкерлерін мектеп-домбыра сабағы оқушылары қазақтың халық күйі "Келіншек" және "Кеңес" күйін күмбірлете орындап қарсы алды. Жетекшісі: Сейтмұратова Әлия.

"Отбасымен бірге кітап оқимын" шеберлік сыныбында отбасымен бірге кітап оқуда 6 "а" сынып жетекшісі Төлеген Піржан өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп психологы Тайшықова Ұлбосын қатысуларға тренинг өткізді. Кітапханашыларға алдын ала берілген Т. Ахтановтың "Қаһарлы күндер" романы бойынш Qizzies платформасымен тест тапсырып, жеңімпаз анықталып марапатталды. Мектеп - лицей кітапханашысы Мейірманова Райхан "Кітап - рухани құндылық " тақырыбында кітапханалық сабақ өткізді. "Ұшқыр ой " алаңы жобасында "Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімді дәріптейтін күшті құрал кітап деп есептейді" тақырыбында тартысты дебат өтті. Дебатты тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сыздықова жүргізді. Дебатта кітапханашылар өз білімдерін, шешендік өнерлерін көрсетті."Мектеп театры" жобасы аясында "Асыл мұра" мектеп театры Мұхтар Әуезовтың "Еңлік- Кебек" пьесасынан театрланған қойылым қойылды. Қойылымды қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі мұғалімдері Ж.Искакова, Қ.Құлымбетов, М.Алтынғазиевалар ұйымдастырды .Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Қ.Маханалиева "Ертегілер еліне саяхат" бөлімі бойынша "Үйшік" ертегісінен көрініс көрмендер назарына ұсынылды.Семинар өнерлі өрендердің өнерін музыка пәні мұғалімі Г.Иманбердиева дайындаған өнерпаздар өнеріне жалғасты.
Қорытынды сөзді аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Орумбаева жүргізілген ұстаздардың жұмыстарына алғыс білдіре отырып, аудандық білімі басшы Б.Жәнібековтың «Алғыс хатымен » марапаттады. Мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сыздықова "Оқуға құштар мектеп" жобасында жасалып жатқан жұмыстар жалғасын таба беретін атап айтты.
23 қараша 2022 ж. 1 312 0