Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Білікті ұстаздан – дарынды шәкірт

Білікті ұстаздан – дарынды шәкірт

Аманкелді ауылдық округіндегі №42.Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінде «Білікті ұстаздан-дарынды шәкірт» тақырыбында математика, информатика және физика пәндері мұғалімдерінің басын қосқан аудандық семинар өтті, – деп хабарлайды tirshilik-tynysy.kz

Семинарда Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалынан арнайы шақыртылған тренер Е.Т.Оспанов «Оқу-тәрбие үдерісіне құндылықтарды кіріктіру маңыздылығы» тақырыбында интербелсенді таныстырылым жасап, қатысушылармен еркін диалог жүргізді.

Шараға қатысушылар өздерінің кері байланыстарында, мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар шынымен де ауыз толтырып айтарлықтай екенін, әрбір жүргізілген шарада оқушылардың пәндік және шығармашылық білімдері айқын көрініп тұрғандығын және де бұл мектептің әрбір ұстазының еңбегінің арқасы екендігін ерекше атап өтті.

Шара соңында білім бөлімінің әдіскері А.Абдрасилова мектеп мұғалімдеріне аудандық білім бөлімінің Алғыс хатын тапсырды.
17 қазан 2019 ж. 1 283 0