Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КІТАП ОҚЫҒАН АДАМ – ТАБЫСТЫ АДАМ

КІТАП ОҚЫҒАН АДАМ – ТАБЫСТЫ АДАМ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде «Кітап оқыған адам – табысты адам» Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық тақырыбында семинар өтті. Қалалық аймақтық мектептердің ұйымдастыруымен өткен шара оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындының рухани маңыздылығын жеткізу, қазақ тілінде ғылыми кітаптардың көбеюіне үлес қосу, шығармаларды экранизациялау, оқушы бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында болды.
  Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Қуанышқызы және қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдері, кітапханашылары қатысты.
  Семинар жоспары үш бөлімнен құралды: ұйымдастыру бөлімі, Негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Ұйымдастыру бөлімінде Айнұр Қуанышқызы семинарды ашты, негізгі бөлімінде «Кітап оқыған адам - табысты адам» тақырыбында кітаптар көрмесімен №172 орта мектептің кітапханашысы М.Жаналиева мектебінің оқушыларымен таныстырды, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында №187 мектеп оқушылары 10 бағытын, «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында №140 мектебінің кітапхана меңгерушісі Ш.Байжанова баяндама оқыды. Рухани жаңғырудың алғашқы жемісі – 18 жаңа оқулық бойынша №101 мектеп-лицей оқушылары таныстырылым жасады. Мобильді кітапхана жұмысы бойынша №187 мектептің 9 сынып оқушысы Меңғали Аружан QR код арқылы жаңа технологиямен кітап оқу жолдарын көрсетті. Қорытынды бөлімінде аймақтық кітапханашылар практикалық жұмыстың жүргізілуі барысында түсінік беріп, мұғалімдермен топтық жұмыстар жүргізілді.
  Іс – шара соңында келген мұғалімдер «Еркін микрофон» арқылы кері байланыс білдіріп, алдағы уақытта бүгінгі семинардан алынған әдіс – тәсілдер, мәліметтер өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, алғыстарын білдірді.
03 мамыр 2018 ж. 3 034 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 16:20
Cephalexin 500mg Uses viagra vs cialis Euromed Online

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 06:05
Direct Levaquin Website Internet Name Brand Viagra From Canada Cialis Professional India viagra online pharmacy Zithromax 500mg Price Le Viagra Marche