"Өнеге көзі- тәрбие, ошағы- театр" атты семинар өткізілді
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сай тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу, мектеп театрының жұмысын жандандыру мақсатында бүгін Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің №126 орта мектебінде «Өнеге көзі – тәрбие, ошағы - театр» тақырыбында аудандық семинар жұмысы болып өтті.
Семинарға аудан бойынша 17 мектептің тәрбие орынбасарлары мен «Мектеп театры» жобасы жетекшілері қатысты. Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Ерлан Әбілдаев, Салтанат Сақтағановалар семинар жұмысының мазмұнды, нәтижелі өткізілуіне мән берді. №126 орта мектебінің акт залында семинар жұмысының ашылу салтанаты болып, келуші қонақтарды Қалжан ахун ауылдық әжелер ансамблінің мүшелері халық әндерімен қарсы алды. Жас өнерпаз оқушылар әннен шашу жолдады. Семинарға қатысушылар үш топқа бөлініп, «Ұлттық дәстүр – тәрбие қайнары» тақырыбындағы сынып сағаты, «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау тренингі, «Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында тәрбие орынбасарларына арналған коучинг-сабағына қатысты.