Облыстың құрметті азаматы атанды
Өткен аптада облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясы өтті. Сессияға депутаттардан бөлек облыс әкімі Н.Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент басшылары қатысты.
Облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамов төрағалық еткен сессияда негізгі үш мәселе қаралды.
Депутаттарға облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі бойынша хабарлама жасады. Ол өз хабарламасында облысымызға белгілі, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Дайрабай Ысқақов, Ибрагим Әбибуллаев, Шакизат Төребаев, Айтбай Көшербаев, Рамазан Тайманов, Марат Дүйсенбаев, Болатбек Қуандықовқа облыстың «Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс жасады.
Ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтарды қолдау және олардың ерен еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында халық қалаулылары бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады. Осылайша аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуында өзіндік орны бар тұлғаларға облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс мақұлданды. Сырдариялықтар жақсы жаңалықты қуанышпен қабылдап, игі лебіздерін әлеуметтік желіде жариялауда.
Айта кету керек, сессия барысында аймақ басшысы Н.Нәлібаев Мемлекет басшысының Қызылорда облысына ерекше көңіл бөлуі халқымыздың әлеуетін көтеру үшін үлкен мүмкіндік екендігін айта отырып, өңірімізде алдағы уақытта жаңа және ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолында бірлесе отырып жұмыс жасау керектігін жеткізді.

«Тт» ақпарат