Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Кент және ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов хабарлама жасап, аудан бюджетінің салаларға бағытталуы жөнінде түсіндірме берді.
Екінші және үшінші мәселе бойынша Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №430 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаевтың баяндамасы тыңдалса, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып, көп жылғы еңбектері үшін «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы – аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев баяндама жасады.
Сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар қолдау тауып, шешім жобалары бір ауыздан бекітілді.