Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сырдарияда электр желілері жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

Сырдарияда электр желілері жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

Сырдария ауданында электр желілері өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынған. Жалпы тозығы жету деңгейі 70%-ды құраған еді.

2023 жылы ел өміріне қажетті электр желілерін жаңғырту мақсатында«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламалары аясында 1,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, ауданға қарасты Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық 100 пайыз жаңартылды.

Жаңғырту жұмыстары барысында көше жарықтары да толық орнатылды.

Электр желісінің тозуы бойынша Сырдария ауданындағы ең ірі елді мекен, 5000-ға жуық тұрғындары бар Шаған ауылында да үлкен проблемаға айналған болатын. Сонымен бірге, Қалжан Ахун ауылында да тұрғындармен кездесу барысында бірнеше мәрте желілердің ескіргені көтерілген еді. Биыл облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен тиісті қаржы қарастырылып, бұл елді мекендердің электр желілерін ауыстыру жұмыстары бастау алуда.
10 қаңтар 2024 ж. 355 0