Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияның ауданының 4 ауылында электр желілері жаңғыртылды

Сырдарияның ауданының 4 ауылында электр желілері жаңғыртылды

Негізінен, Сырдария ауданында біршама жорбалар жүзеге асуда. Оның ішінде, бірнеше ауылдың электр желілерін ауыстыру қалға алынды. Өз кезегінде  Сырдария ауданы бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы биыл 4 елді мекенде электрмен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылады.

Айта кетейік,  «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 4 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен - 1,6 млрд  теңге бөлінді. Атап айтқанда, Айдарлы елді мекені бойынша жобаға сәйкес КТПН-10/0,4 кв-160 кВА- 8 дана, ВЛЗ-10 кв-3,9 шақырым, ВЛИ-0,4 кВ-15,4 шақырым электр желісі жүргізілді. Жетікөл елді мекені бойынша жобаға сәйкес КТПН-10/0,4 кв-160 кВА- 7 дана, ВЛЗ-10 кв-3,9 шақырым, ВЛИ-0,4 кВ-15,6 шақырым электр желісі орнатылды. Қазіргі таңда, Айдарлы, Жетікөл елді мекендерін электрмен жабдықтау құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жасалуда. Ал Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерін электрмен жабдықтау құрылыс жұмыстары тамыз айында тәмамдалып, электр құрылысы пайдалануға берілетін болады. Шын мәнінде, аудан бойынша елді мекендердегі электр желісі тозығы жеткендігі  анықталғаны мәлім. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, 4 жоба қолға алынды.
13 шілде 2023 ж. 258 0