Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық электр торабы мекемесінің жұмысымен танысты

Аудандық электр торабы мекемесінің жұмысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық электр торабы мекемесінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы халыққа жарық беріп отырған мекемені аралап көрді.

Аудан басшысы биыл елді мекендерде электр желілері жаңғыртылғанын айтты. Ағымдағы жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында ауданға қарасты Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық жаңартылды. Сондай-ақ, Шаған ауылында да электр желілерін ауыстыру жұмыстары басталып кетті. Жоба өтпелі, алдағы 2024 жылы электр желілері толық жаңарады. Осындай жұмыстар кезең-кезеңімен іске асатынын айтқан аудан әкімі халыққа сапалы қызмет көрсетуді назарға салды.

Салада атқарылып жатқан жұмыстарды аудандық электр торабы мекемесінің директоры Нұрлыбек Кәкім атап көрсетті. Бүгінде аудандық электр торабында 54 қызметкер жұмыс істейді. Олар халықты жарықпен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 қазан 2023 ж. 178 0