АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Кеше аудан әкімінің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде негізгі бес мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаев баяндама жасап, "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы" аясында аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы хабарлама жасады. Екінші мәселе егін шаруашылығының жүргізілу барысына арналып, аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров баяндады. Үшінші мәселе бейресми жұмыспен қамту бойынша атқарылған және алдағы жоспарлар туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар эәне азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров хабарлама жасады. Соңғы екі мәселе "Соңғы қоңырау" салтанатын атап өту және "Жалын" тынығу лагерінің тынығу маусымына дайындығы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Аппарат мәжілісінің соңында көктемгі су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен бірқатар мамандар облыс, аудан әкімінің "Алғыс хаттарымен" марапатталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.