Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда табиғи газды пайдаланатын тұрғандар саны артады

Сырдарияда табиғи газды пайдаланатын тұрғандар саны артады

2023 жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан ахун елді мекеніне жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде, мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-гі анықталды.

Аталған мердігер мекемемен келісім шарт жасалып, елді мекен бойынша жалпы ұзындығы 19,7 км құрайтын газ құбырлары жүргізілді. Тұрғын үйлерге арналған 149 дана газ құбыры түтігі орналастырылып, бүгінгі таңда, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері орнатылды. Бүгінгі таңда, газ құбырының тиісті құрылғыларын орнату жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин А.Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының басталуына облыстық бюджеттен - 20,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «АЭS and Limited» ЖШС-і мердігер мекеме ретінде анықталды. Елді мекендер бойынша жалпы ұзындығы 48,6 км құрайтын газ құбырлары жүргізіліп, 882 тұрғын үй табиғи газбен қамтылатын болады.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме елді мекендерде 6,6 км құрайтын жоғары қысымдағы газ құбырын тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
23 қазан 2023 ж. 344 0