Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылды газдандыру жұмыстары басталды

Ауылды газдандыру жұмыстары басталды

Өткен жылдың қорытындысымен облыста тұрғындардың газ тұтыну деңгейі 68 пайызға жетті. Алдағы 3 жылға, яғни 2023-2025 жылдарға арналған жоспар бойынша 45 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жоспарда бар. Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына қарай газдан­ды­рыл­ған елді мекендер саны 70-ке жетеді. Оның қатарында ауданға қарасты елді мекендер бар.

Аудан орталығы табиғи газға қосыл­ғаннан кейін елді мекендерді газдандыру жұмыстарына басымдық берілуде. Атап айтқанда, Тереңөзек кентіне жақын орналасқан Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов және Шаған ауылдарына табиғи газ жеткізуге жұмыстар жүр­гі­­зілуде. Соның негізінде бүгінгі таңда ел­ді мекендерді газдандыруға байланыс­ты жобалық-сметалық құжаттар дайын­далған, тіпті, сараптамадан өтіп, қаржысы шешілген ауыл бар.

Биыл ауылдарды табиғи газбен қам­та­масыз ету Қалжан ахун елді мекені­нен бастау алуда. Аталған ауылды газ­дан­дырудың жалпы құны – 330 млн 586 мың теңге. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 297,5 млн теңгесі бөлінді. Осыған бай­ланысты аудандық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, жолаушылар кө­­лігі және автомобиль жолдары бө­лі­мі тарапынан мердігер мекемені анық­тау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыс­тары жүргізіліп, «Ремстрой» ЖШС-мен ке­лісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда мер­дігер мекеме газ құбырларын жүргізу жұмыс­тарын бастап кетті.

Ауыл ішінде жүргізілетін газ құбы­ры­ның жалпы ұзындығы 19,7 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстар осы жылдың қа­раша айында аяқталады деп жоспар­лан­ған.

Мұнан бөлек аудан орталығына жа­қын С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ел­ді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін оны қаржыландыру мақсатында тиісті басқармаға бюджеттік өтінімдер ұсы­нылды. Сондай-ақ Шаған елді мекенін газдандыру бойынша да құжаттары мем­ле­кеттік сараптамадан өткізіліп, бюдтжеттік өтінім ұсынылған.

Нұржан БИСЕМБАЕВ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
18 сәуір 2023 ж. 372 0