Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елді мекен тұрғындары көгілдір отын игілігін көруге жақын

Елді мекен тұрғындары көгілдір отын игілігін көруге жақын

Бүгінгі күні аудан бойынша елді мекендерді газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуы бойынша кезектілікке қойылған. Ағымдағы жылы Қалжан Ахун елді мекенінен бастау алып, аталған елді мекеннің газдандыру жобасына 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған конкурс жұмыстары наурыз айында аяқталуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов елді мекендерін газдандыру жобаларын қаржыландыру мақсатында мамандар тарапынан тиісті басқармаға бюджеттік өтінімдер ұсынылған. Ал Шаған елді мекенін газдандыруға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аталған жұмыстар бүгінгі күні аудан әкімінің тікелей бақылауында және елді мекендерді газдандыру барынша сапалы түрде атқарылатын болады.


Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

09 қаңтар 2023 ж. 548 0