Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ тартуға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Газ тартуға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда кент ішіне газ тартуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба «Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырлары құрылысы» деп аталады.
Жобаның жалпы құны 2 442 057 млн. теңгені құрайды. Ол бо­йынша жоғары қысымдағы және орта қысымдағы газ құбырлары, ГРП, ШГРП, тағы басқа салынады. Аудан орталығын газбен қам­титын мердігер мекеме – «Алия сервис» ЖШС.
Тереңөзек кентін газдандыру 2019-2020 жылдарға жос­парланған. Бүгінгі күні көгілдір отынмен қамтуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда техника мен материалдар жеткізілуде.
Биылға жоспарланған жұмысқа тоқталсақ. Осы жылы ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №3 газ тарату пункті құрылысы жүргізілетін болады. Ал келер жылы №1, 2, 4, 5 және 6 газ тарату пункттерінің құрылысы жүргізіліп, халық көгілдір отынның игілігін көрмек.
Тереңөзек кентінде газ құбырын жүргізуді бақылау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы тобы құрылып, газ құбыры жүретін көшелерді аралау, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ТТ» ақпарат
13 шілде 2019 ж. 1 450 0