Колледжде 6 мамандық бойынша студенттер кәсіби білім алуда

Колледж директоры Дархан Қожахметов жаңа оқу жылында атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Бүгінде агротехникалық колледжде 147 студент білім алуда. Олар 6 мамандық бойынша кәсіби білім меңгеруде. Колледжде 34 білім қызметкері жұмыс істейді.
Аудан әкімі жастарға сапалы кәсіби білім беруді, аудандағы шаруашылық құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді атады. Студенттер тәртібін назарда ұстауды, жылу беру маусымында мәселе болмау керектігін ескертті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі