Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрдің «Алғыс хатын» тапсырды

Министрдің «Алғыс хатын» тапсырды

Биыл елімізде алғаш рет күнтізбеде «15 қараша – жұмыс беруші күні» мерекесі ретінде белгіленді. Атал­ған күн аясында «Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде» танымдық кездесу өткізілген болатын. Іс-шараға «Шаған-Жер» ЖШС-нің төрағасы Жеңісбек Сыздықов, «Сырдария аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімше» директоры Ерсұлтан Дүзімбетов, білім сала-сының ардагері Байырбек Әмірбеков, колледж директоры Дархан Қожахметов, сала мамандары мен студенттер қатысты.

Мерекелік кездесу кешін ашқан «Сырдария аг-рарлы-техникалық колледжінің» директоры Дархан Қожахметов жиналған жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, білім ошағы жайында мол-мағлұмат берді.

– Жалпы, «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі­нің» оқу ғимараты 3 қабаттан тұрады. Негізінен, 450 орынға лайықтандырылған колледжімізде арнайы жә-не жалпы білім беретін бөлме жасақталған. Сонымен бірге зертхана, акт залы, спорт зал, әскери даярлық алаңы әрбір студенттің сапалы білім алуына мүмкіндік туғызуда. Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылы бойынша колледжде 35 инженер педагог жұмыс жасауда. Оның ішінде, педагог-зерттеуші – 3, педагог-эксперт – 3, педагог-модератор – 5, санаты жоқ – 13, жоғары санатты 2 оқытушы, І санатты 4 оқытушы, ІІ санаттағы 5 оқытушы және 12 өндірістік оқыту шебері бар. Қазіргі таңда 5 арнаулы пән және 14 жалпы пән оқытушысы, 9 өндірістік оқыту шебері білім алушыға дәріс беруде. Міне, кәсіби маманнан білім алған студенттеріміз барынша жұмыспен қамтамасыз етілуде. Ал шәкірттерімізді жұмысқа қабылдауда бүгінгі қонақтарымыздың көмегі зор. Әркез тәжірибеден өту барысында кәсіби біліктілігі жоғары маманнан тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасуда. Жас мамаға жұмыс көзін ұсынып отырған мекемелердің мәртебесін көтеру негізінде «15 қараша – жұмыс беруші күні» мерекесі ретінде аталып өтілетін болды. Біз осы мерекемен құттықтай отырып, барлық мекеме жұмысының табысты болуына тілектестік біл­діреміз, – деді Дархан Қожахметов.

Өз кезегінде колледж директоры Дархан Қожах-метов студенттерге жұмыс ұсынып отырған Шаған-Жер» ЖШС-нің төрағасы Жеңісбек Сыздықов пен «Сырдария аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйе-лерін пайдаланушы өндірістік бөлімше» директоры Ерсұлтан Дүзімбетовке Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің «Алғыс хатын» табыстады. Мәртебелі марапатқа ие болған сала басшылары өз лебіздерін жеткізді.

– Біз қашанда «Сырдария аграрлы-техникалық кол­леджімен» тығыз байланыс орнатуға дайынбыз. Ауыл шаруашылығы саласында білікті маман күші әрқашан қажет. Аграрлық саланың қыр-сырына қаныққан бар-лық қызметкеріміздің  жастарға үйретері көп. Қай кезде де, техникалық базамен танысып, оның пайдалану әдіс-тәсілін игеруге жастардың мүмкіндігі зор. Жыл көлемінде білім ошағының студентін бізде тәжірибеден өтуге шақырамыз, – деді Жеңісбек Сыздықов.

 Айтулы кеште білім саласының ардегері Байырбек Әмірбеков, колледж ұстазы Алтын Қожахова, бітіруші түлек Мадияр Ибрагимов өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ белсенді студенттер арнау өлең оқып, көп­шілікті көрмемен таныстырды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

19 қараша 2022 ж. 357 0