Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ


Аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмай тұрып, аудан басшысы ағымдағы жылдың 5-14 қазанында аудан көлемінде өткен аумақтық қорғаныс-әскери бөлімдерінің жиынына белсене қатысқан сырдариялықтарды марапаттады.
Одан кейін алғашқы мәселе бойынша кәсіптік білім беретін Сырдария агро-техникалық колледжінің 9 ай барысында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Жиында колледж директоры Д.Қожахметов хабарлама жасап, есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтерді ұсынды. Студенттерге кәсіптік-техникалық білім беру барысындағы жұмыстарды тізбектеді, оған қоса 9 айдағы білім иелерінің жеткен жетістіктерін айтты. Дуальды оқыту жүйесіне де тоқталып, жастардың тәжірибе жүзінде іс жасауына шаруашылықтармен келісімшарт жасалғанын жеткізді. Осы тұста, аудан басшысы 2016 жылы колледж студенттерінің аудан шаруашылықтарында тәжірибеден өтуіне жасалған келісімшарттың бүгінде нәтижесі болмай отырғанын атады. Сонымен бірге, колледж жұмысына қатысты біршама кемшіліктерді көрсетіп, сын-пікірлер айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан мекемелерінің жылу маусымына дайындығы жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бақтияров баяндады. Ауданда жылу беру маусымы 14 қазанда басталғанын айтқан бөлім басшысы мекемелерде, білім ошақтарында қазіргі таңда жылу жүйесі іске қосылып, оны бақылауда ұстау үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырып, күнделікті ақпар алынып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде барлық мекеме қажетті қатты және сұйық отынмен қамтылғанын хабарлап, ауданда көмір тапшылығы жоқ екенін атады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Ғ.Қазантаев тиісті бөлім басшылары мен кент және ауыл әкімдеріне жылуды қатаң бақылауда ұстап, күнделікті тексеріп отыруды тапсырды.
Келесі мәселе 27 қазанда облыс орталығында өтетін «Алтын дән-2018» шарасы аясындағы ауданның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен 1 қарашадағы ауданның «Алтын дән-2018» шарасын кең көлемде атап, жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде болды. Айтулы шараларды өткізу барысының іс-шара жоспарын аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров таныстырды. Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауда ұстауды аудан әкімінің орынбасарларына жүктеді. Ал аппарат мәжілісіндегі соңғы мәселе жабық түрде қаралды.

Е.БЕРКІНБАЕВ

02 қараша 2018 ж. 1 022 0