Білгірлігімен тәнті етті

Бәсекеге қабілетті болудың қыр-сырын игертіп, жаңа білім моделін жасауда өндірістік оқу шебері Бақытжан Пірмағанбетов озық шәкірт тәрбиелеп, маман даярлау жолында аянбай еңбек етіп келе жатыр. Оның шәкірті, І курс студенті Николай Лавров дәнекерлеу ісі, техник-механик мамандығы бойынша кәсіби білім алуда. Ол колледж қабырғасында белсенділігімен танылып, мақтаулы студенттер қатарында. Талапшыл жас әр түрлі заттардан көптеген дүниелер жасап шығаруға машықтанған. Оның іскерлігі мен таланты атап айтуға тұрарлық. Колледж студенті жақында Қызылорда облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында өткізген «Жас өнертапқыш – 2019» облыстық шығармашылық көрмесіне қатысып, І орынды жеңіп алды. Ол көрмеде көп функциялы бензин қыздырғышты ойлап тауып, көпшілікті тәнті етті.
А.Набиева,
Сырдария аграрлы-техникалық
колледжінің кітапханашысы