Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті ұстаздар!

Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Ендеше, өсіп-өркендеудің, табысқа, жетістікке жетудің, дәулетті өмір сүрудің негізі терең білімде жатыр.

Бүгінгідей зымыран уақыт көшіне ілесу, кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу – білім мен ғылым жетістіктерін меңгермей мүмкін емес. Дамудың жаңа дәуіріне қадам басқан сайын, соған сай білім беру саласы да үздіксіз жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп келеді. Аймақ басшысының қолдауымен ауданның білім саласында айтулы жетістіктер бар.

Білікті де білімді ұстаздардың тынбай ізденуінің арқасында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік оқушылардың саны артуда. Ауданның білімді жастары республикалық, халықаралық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Өткен оқу жылында мектеп бітірген жас түлектердің 396-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Нәтижесінде, 316 түлек мемлекеттік грантты жеңіп, жоғары оқу орындарына түсті. Яғни 86 пайыз оқушы грант иегері атанды. Бұл – аудан үшін жетістік.

Биылғы жаңа оқу жылында ауданда 8219 оқушы білім алатын болса, оның ішінде 744 бала алғаш мектеп табалдырығын аттайды.

Қадірлі ұстаздар!

Қай уақытта да білімі мен ғылымын дамыта алмаған ел заман көшінен қалып қояры анық. Жаһанда болып жатқан аса күрделі оқиғалар мен өзгерістер біздің жастарымызды заман талабына сай рухани жаңғыртуды, патриоттық пен елжандылыққа тәрбиелеуді міндеттеп отыр. Еліміздің ертеңін анықтайтын ең басты сала – білім беруді заман талабы мен қоғам қажетіне лайықтау баршамызға ортақ аса маңызды міндет.

Жаңа оқу жылы жаңаша табыстарға, білімі толысқан шәкірттерге толы болсын!


Құрметпен, Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі
Фото: ашық дереккөзден
01 қыркүйек 2023 ж. 211 0